
«Адал Азамат» жол картасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Джалпақов Агенттіктің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарланған сервис дағдыларын жетілдіру» тақырыбында семинар өткізді.
Материалда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары қаралып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің «клиентке бағдарлану» этикалық қағидаты, сондай-ақ клиенттерге бағдарлану ұғымының негізгі қағидаттары атап өтілді.
Осындай оқытулар осы саладағы мемлекеттік қызметтер көрсету деңгейін арттыруға ықпал етеді.