Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Астана, 2025 жылғы 24 қазан. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және атом саласының қызметкерлері қатысты.

Құттықтау сөзінде Алмасадам Сәтқалиев мерекенің ел үшін айрықша маңызын атап өтіп, атом саласы қызметкерлерінің еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

«Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен рухының символы. Энергетикалық қауіпсіздік пен атом саласының тұрақты дамуы – әрқайсыңыздың еңбегіңіздің нәтижесі. Баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын», – деді агенттік төрағасы.

Салтанатты шара барысында атом саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін бірқатар қызметкерлерге мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен:

          -         «Парасат» ордені – Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев;

          - «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ядролық физика институтының радиохимия және изотоптар өндірісі орталығының бастығы Елена Чакрова, «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС арнайы су тазарту бөлімінің 6-разрядты операторы Жанат Қайнарбаев, талдау тобының жетекшісі Игорь Горлачев және Ұлттық ядролық орталығы бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Владимир Витюк;

- «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» төсбелгісімен  Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков марапатталды.

Бұдан бөлек, «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті директорының орынбасары Жанар Байғожинаға табыс етілді.

Агенттік төрағасының бұйрығымен «Атом саласының үздігі» төсбелгісі ведомство мен оған бағынысты ұйымдарының 11 қызметкеріне берілді. Сонымен қатар 20 қызметкер Құрмет грамоталарымен, 11 қызметкер Алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараның жарқын сәттерінің бірі – жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған  қызметшілердің ант беру рәсімі болды. Ант қабылдағандар қатарында Қазақстандық қамту департаментінің директоры Данияр Жансейітов және Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Максим Здоровец бар.

Салтанатты жиын соңында Агенттік төрағасы ұжымға адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, барша қызметкерлерге мықты денсаулық, отбасына амандық және кәсіби қызметіне табыс тіледі.