
Іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігінің әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Джалпақовтың жетекшілігімен ZOOM форматында мемлекеттік қызметке алғаш рет және қайта қабылданған қызметкерлер үшін оқыту өткізілді.
Оқыту барысында мемлекеттік қызметте болуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тыйымдар мен шектеулер, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика стандарттарын сақтау, сондай-ақ мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері қарастырылды.
Іс-шараға орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ Агенттіктің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің өкілдері қатысты.
Оқыту барысында әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі саласындағы заңнама талаптарына түсіндірме беріп, аталған бағыттар бойынша тәжірибелік мысалдар келтірді.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу құқықтық мәдениетті арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты құндылықтарды қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.