Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру бойынша конкурс аяқталды

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру бойынша конкурс аяқталды

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру конкурсына 27 000-нан астам адам қатысты.

Байқау 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 12:00-де eGov Mobile мобильді қосымшасында басталған болатын.

Екі апта ішінде – 10 қазан, сағат 23:59-ға дейінқазақстандықтар 27 мыңнан астам ұсынысжолдады. Мұндай жоғары белсенділік азаматтардың атом энергетикасын дамытуға деген зор қызығушылығын және ел үшін маңызды жобаға жеке үлес қосуға дайын екенін көрсетеді.

Қазіргі уақытта келіп түскен ұсыныстарды өңдеу процесі басталды. Алғашқы кезеңде мамандар барлық нұсқаларды талдап, жүйелеу жұмыстарын жүргізеді және жиынтық есеп дайындайды. Кейін материалдар Конкурс комиссиясының мүшелері тарапынан қаралады. Қорытынды кезеңде қазан айының соңында, комиссия отырысы өткізіліп, алғашқы АЭС-ке үздік атау таңдалады.

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде байқау мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ашық өзара іс-қимылдың үлгісі әрі жоғары қоғамдық белсенділіктің көрінісі болғаны атап өтіледі.

Болашақ станцияның қорытынды атауы комиссияның шешімі бойынша жарияланып, отандық энергетиканы дамытудың жаңа кезеңінің символына айналады.