Жоғары технологиялар саласындағы өрлеу мен жетістіктердің онжылдығы

Жоғары технологиялар саласындағы өрлеу мен жетістіктердің онжылдығы

Ағымдағы жылдың 10 қазанында Өскемен қаласында «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-ныңқұрылғанына 10 жыл толуына орайсалтанатты іс-шаралар өтті. Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өкілдері, сондай-ақ Қытай мен Франциядан келген серіктестер қатысты.

Соңғы онжылдықта «Үлбі-ЖБҚ» ЖШСөзіндік қалыптасу мен даму кезеңдерінен өтіп, бүгінде Орталық Азиядағы атом электр станцияларына арналған жылу бөлгіш құрылымдарын (ЖБҚ) шығаратын бірегей өндіріс орны болып табылады.

Анықтама: Жылу бөлгіш құрылымдарыБҚ) — реактордың белсенді аймағына жүктелетін дайын ядролық отын.

 

Атап айтқанда, 2014 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстанда ядролық отын өндіретін зауыт салумақсатында қытайлық CGN компаниясын стратегиялық серіктес ретінде шақырды. Осыынтымақтастықтың нәтижесінде 2015 жылы Өскемен қаласында «Үлбі-ЖБҚ» ЖШСбірлескен кәсіпорны құрылды.

Аталған кәсіпорында француздық Framatome компаниясының ЖБҚфабрикациялау технологиясы қолданылады. Зауыт өз өндірісін 2021 жылы бастады, ал 2022 жылы алғашқы ЖБҚ партиясы Қытай Халық Республикасының атом электр станцияларына экспортталды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша, компания жылына 200 тонна төмен байытылған уран өндіретін жобалық қуатқа қол жеткізді. Бұндай көлемдегі ЖБҚ AFA 3G™ дизайны бойынша жасалған ЖБҚ түріндегі отынмен қуаты 1000 МВт болатын алты заманауи реакторды жыл сайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінде «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС жоғары технологиялармен жабдықталған, экспортқа бағытталған өнім шығарады, және де мекеменің өнім өткізуге арналған кепілдендірілген нарығы бар. Кәсіпорын Қазақстанның жаһандық ядролық отын циклі нарығындағы позициясын нығайтып, он жыл ішінде бейбіт атом энергиясын пайдалану саласындағы инновациялық даму мен халықаралық ынтымақтастықтың символына айналды.