2025 жылғы 10 қазан - ҚазақстанРеспубликасының Атом энергиясы жөніндегіагенттігінің Қоғамдық кеңесінің алғашқыотырысы өтті.
Отырысқа белгіленген тәртіппенбекітілген Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ агенттіктің қызметкерлері мен сарапшылар қатысты.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойыншаҚоғамдық кеңестің төрағасы болып ШунеевСәлімбай Егембердіұлы сайланды.
Отырыста Агенттіктің қызметіне қатыстыбірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атапайтқанда, саланың даму стратегиясы мен жоспары, агенттіктің үш жылдық бюджеті, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызметсаласындағы нормативтік-құқықтықактілердің жобалары талқыланды.
Сонымен қатар, агенттіктің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже жобасымен уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының өткен жылғы өндіру шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларының жобасы қаралды.
Кеңес мүшелері атом энергиясын пайдалану саласындағы шешімдерді әзірлеуде азаматтық қоғамның белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, агенттік жанындағы сараптамалық және консультативтік қызметке белсене қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Қоғамдық кеңестің құрылуы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды қадам болып табылады және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық диалог пен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.