Астана қаласында, 2025 жылғы 2 қазанда Kazakhstan Energy Week 2025 алаңында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Жантикин «Атом энергетикасы: прогресс және қауіпсіздік» сессиясына қатысты.
Өз сөзінде ол жаһандық сын-қатерлер мен сенімді энергиямен қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайында атом энергетикасын дамыту ерекше өзектілікке ие болып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар бейбіт атом тұрақты дамудың мақсаттарына қол жеткізудің ең перспективалы әрі теңгерімді құралдарының бірі ретінде қарастырылатынын айтты. Спикер бейбіт атомды пайдалану ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып қана қоймай, тұрақты болашақты қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық күш-жігерге де ықпал етуі тиіс екенін баса айтты.
Дискуссияға сондай-ақ АЭХА Бас директорының орынбасары Хуа Лю, China National Nuclear Corporation Overseas бас директоры Мао Явей, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Марат Төлебаев, «ҚАЭС» ЖШС жобасының жетекшісі Бекболсын Ізтлеуов қатысты.
Қатысушылар саланың дамуындағы негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты және бірлескен күш-жігер атом энергетикасының тұрақты даму, энергетикалық қауіпсіздік пен болашақ ұрпақтың игілігі үшін берік іргетас болатыны жөнінде ортақ пікірге келді.