Құрметті атом саласының ардагерлері мен әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының атом саласы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Құрметті атом саласының ардагерлері мен әріптестер!  Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының атом саласы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Атом саласы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ғылыми-технологиялық дамуда және өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуда стратегиялық рөл атқарады. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен өз істеріңізге адалдығыңыз – саланың тұрақты дамуы мен алдағы өсімінің берік негізі.

 Бүгінде Қазақстан атом саласында жаңа кезеңге қадам басты – алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталды. Бұл – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, ұлттық ядролық ғылымды дамытуға және орнықты дамуға жол ашатын тарихи оқиға.

Сіздердің еңбектеріңізге, ғылыми жетістіктеріңізге және бейбіт атомды дамытуға қосқан үлестеріңізге шынайы алғыс білдіреміз.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық-саулық және еліміздің игілігі жолындағы жаңа табыстар тілейміз!