Бүгін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру жөніндегі жалпыұлттық конкурс өткізу комиссиясының алғашқы отырысы өтті.
Комиссия құрамына қоғам өкілдері, креативті индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих саласындағы сарапшылар кіргенін еске саламыз.
Отырыс барысында комиссия мүшелері ұйымдастыру мәселелерін қарастырып, жалпыұлттық конкурсты өткізу ережелерін бекітті.
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев азаматтардың бұл процеске қатысуының маңыздылығын атап өтті:
«Қазақстан азаматтарының барынша көп қамтылуы үшін АЭС-ке үздік атау беру бойынша ұсыныстар eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылданады. Конкурстың атом саласы қызметкерлері күні қарсаңында басталуы – индустрияның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесінің айқын дәлелі».
Талқылаулардың қорытындысы бойынша комиссия конкурстың өткізілу мерзімдерін бекітті:
АЭС-ке үздік атау беру жөніндегі жалпыұлттық конкурстың ережелері Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және Телеграм арнасында жарияланады.
Агенттік атап өткендей, конкурс ашық әрі айқын өтеді. Әрбір азамат АЭС-ке өз атауын ұсына алады, ал комиссияның қорытынды шешімі қазан айының соңына қарай белгілі болады.