Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл айтулы күн – мемлекеттілігіміздің беріктігін, демократиялық құндылықтарға адалдығымызды және халқымыздың бірлігі мен өркендеуге деген ұмтылысын айқындайтын маңызды белес. Конституция еліміздің дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нығаюына, экономика мен қоғам әл-ауқатының артуына берік негіз қалады.
Бүгінде біз оның қағидаттарын басшылыққа ала отырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып келеміз. Соның ішінде ғылым мен бейбіт атомды игеру саласындағы жетістіктеріміз еліміздің орнықты дамуына, тәуелсіздіктің нығаюына және жарқын болашағымызды қалыптастыруға қызмет етуде.
Осы мерейлі мереке барлығымыздың жүрегімізге жігер беріп, елге қызмет ету жолындағы сенімімізді нығайта берсін!
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі