Қазақстандықтар АЭС атауын таңдайды – конкурсқа дайындық басталды

Қазақстандықтар АЭС атауын таңдайды – конкурсқа дайындық басталды

АСТАНА. 2025 жылғы 18 тамыз – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Алматы облысының Жамбыл ауданында салынуы жоспарланған атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурсты ұйымдастыру жұмыстарына кірісті.

Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысына сәйкес, Агенттіктің бұйрығымен 29 тамызға дейін конкурсты өткізу алгоритмін және оның мерзімдері мен ұсыныстарды қабылдау және қарау тәртібін қамтитын ережелер жобасын әзірлеу тапсырылған жұмыс тобы құрылды.

Сондай-ақ құрамына қоғам өкілдері, креативтік индустрия мамандары, атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кіретін конкурстық комиссия құру жүктелді.

Агенттік сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми байланыс арналарын пайдалана отырып, ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізеді.