ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Мәжіліс депутаттарымен жұмыс кездесуі өтті

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Мәжіліс депутаттарымен жұмыс кездесуі өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Мәжіліс депутаттарымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында депутаттар Агенттіктің қызметімен және атом электр станциясын салу жобасының қазіргі барысымен танысты.

Агенттік төрағасы А.М. Сәтқалиев кіріспе сөзінде атом энергетикасын дамыту ел экономикасының тұрақты өсуінің маңызды бөлігі екенін атап өтті.
«АЭС салу – бұл жай ғана энергетикалық нысан тұрғызу емес. Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға, ғылымды, білім беруді, машина жасау мен экономиканың өзге де салаларын дамытуға серпін беретін ядролық кластердің іске қосылуы», – деді А.М. Сәтқалиев.

Кездесу барысында Агенттіктің негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, бірінші атом электр станциясын салу жоспарлары, нормативтік-құқықтық реттеу, кадр даярлау және тиісті инфрақұрылымды дамыту мәселелері айтылды.

Сұрақ-жауап сессиясында екінші атом электр станциясын салу перспективасы, еліміздің атом саласын дамыту, өндірісті жергіліктендіру және отандық кәсіпорындардың атом электр станциялары қажеттілігі үшін қатысуы, сондай-ақ Агенттіктің заң жобалау бастамалары талқыланды.

Депутаттар Агенттіктің барлық жобалары мен бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. Бұл бағыттағы өзара іс-қимыл заңнамалық қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау шеңберінде жалғасатын болады.