Атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Électricité de France компаниясымен кездесу өтті

Атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Électricité de France компаниясымен кездесу өтті

Астанада Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары Әсет Махамбетов пен Василий Лавренов француздың мемлекеттік энергетикалық компаниясы — Électricité de France (EDF) аға вице-президенті Вакис Раманимен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге сондай-ақ «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері қатысты.

Тараптар EDF компаниясының Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасына халықаралық консорциум құрамында қатысу мүмкіндігін талқылады. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері мен шағын және орта қуатты реакторлар саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларына ерекше назар аударылды.

 Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.