Алматы облысының Жамбыл ауданында құрылысы жоспарланған атом электр станциясының үздік атауына арналған жалпыхалықтық конкурс өткізу қағидалары осы конкурстың өткізу тәртібін айқындайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары үшін ашық. Бір қатысушыдан атау бойынша бір ғана ұсыныс қабылданады.
Ұсыныс бере отырып, қатысушылар Конкурс өткізудің барлық шарттарымен келіседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім білдіреді.
Ұсыныстарды бағалау тарихи және мәдени маңыздылығы, үндестік және бірегейлік сияқты факторлардың жиынтығы бойынша жүзеге асырылады. Жеңімпаздар танылады және нәтижелер 2025 жылдың қазан айының соңына дейін жарияланады.