ÄLEM FEST 2025: Астанада әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен музыкалық фестиваль өтеді

ÄLEM FEST 2025: Астанада әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен музыкалық фестиваль өтеді

Astana Arena стадионында 13 шілде күні ÄLEM FEST 2025 атты ауқымды музыкалық фестиваль өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Фестиваль қонақтарының алдында әлемдік және қазақстандық сахна жұлдыздары өнер көрсетеді. Олардың қатарында Craig David, Sadraddin, Ёлка, Alem, IOWA, Банд’Эрос, Доминик Джокер, DJ Groove бар.

ÄLEM FEST – Қазақстандағы оқиғалы туризмді дамытуға үлес қосатын ауқымды мәдени жоба.

Кештің қорытындысы ретінде Aspan Galaxy-дің әсерлі дрон-шоуы өтеді, ол түнгі аспанды шынайы жарық симфониясына айналдырады.