
Түркістанда 2024/2025 жылғы нәзікжандылар арасындағы Ұлттық лига Қазақстан чемпионатының финалдық ойындары өтті. Қорытынды матчтар бойынша ел чемпионы атағын елордадан шыққан «Astana Tigers» командасы жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Финалда астаналық команда Түркістан облысының «Тұран» командасымен кездесті – олар соңғы үш маусым бойы чемпион атанып жүрген болатын. Үш матчтың барлығында да «Astana Tigers» жеңіске жетіп, чемпиондық титулды Астанаға қайтарды.
Командалық жетістікпен қатар, «Astana Tigers» спортшылары мен жаттықтырушылар құрамы маусым қорытындысы бойынша жеке марапаттарға ие болды:
Виталий Стребков – маусымның үздік жаттықтырушысы;
Ганна Рулева – маусымның ең пайдалы ойыншысы (MVP);
Тамара Кузьмина – маусымның ең үздік ойыншыларының символикалық бестігіне енді.