Астанада кезекті қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Астанада кезекті қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Астанада 17-18 мамыр аралығында қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн өнімдері мен сүт өнімдері, пісірілген тағамдар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да көптеген өнімдерді сатып ала алады.

Іс-шара 17 және 18 мамыр күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді. Мекенжайы: Нұрғиса Тлендиев даңғылы, 12а.

Айта кету керек, Астанада басқа да ауылшаруашылық жәрмеңкесі жұмыс істеп тұр, мекенжайы: Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсы беті). Ол күн сайын сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін ашық болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлығы үшін жәрмеңкеге жақын жерде № 2, 32, 49, 50, 73 автобус маршруттары жүреді, бұл шараға қатысушыларға ыңғайлы қатынауын қамтамасыз етеді.