Астаналық жас шабандоздар конкурдан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Астаналық жас шабандоздар конкурдан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Алматыда жасөспірімдер мен юниорлар арасында конкурдан (кедергілерден секіру) Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Астанадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің жас спортшылары турнирде жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

№2 бағдар бойынша (кедергі биіктігі 110 см) жасөспірімдер арасында жүлделі орындардың бәрін астаналық спортшылар иеленді:
1-орын – Амира Қабжанова, Шах есімді атпен;
2-орын – Жандос Жақып, Адмирал атты айғырмен;
3-орын – Малика Серік, Микадо атты атпен.

«Балалар» санатында №3 бағдарда (100 см) бірінші орынды да астаналық спортшы – Злата Люлина 10 жастағы Барбина есімді биемен иеленді.

Юниорлар арасында №2-5 бағдарлар бойынша (кедергі биіктігі 110-120 см) астаналық шабандоздар тағы да көзге түсті:
2-орын – Малика Серік, Микадо атпен;
3-орын – Яна Жемчужина, Бавария атты атпен.

№6 бағдарда (110 см) «балалар» санатында үшінші орынды Хадия Советхан өзінің Адмирал есімді атымен жеңіп алды.

Жарысқа Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарынан келген 70-ке жуық спортшы қатысты.