Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды

Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отшашу сағат 22:00-де қаланың екі орнынан – Атырау көпірі маңынан (қалалық жағалау) және Ботаникалық саябақ аумағынан атылды. Отшашуды тамашалауға 70 мыңнан астам адам келді. Отшашу 5 минутқа созылып, әр жерден 4 мыңға жуық мәрте атылды.

Мерекелік отшашу Жеңіс күніне арналған ауқымды іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі болды. Елордада барлығы 100-ден астам түрлі іс-шара, оның ішінде концерттер, қойылымдар, ғылыми конференциялар, мектептердегі тәрбие сағаттары және басқа да патриоттық шаралар өтті.