Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 3 қиылыстың жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, кезең-кезеңмен қозғалыс мына қиылыстарда толығымен жабылатын болады:
- Абылай хан даңғылы/Манас көшесі 9 мамыр күні сағат 21:00-ден бастап 10 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін;
- Абылай хан даңғылы/Б. Майлин көшесі 10 мамыр күні сағат 21:00-ден бастап 11 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін;
- Абылай хан даңғылы/ І. Жансүгіров көшесі 11 мамыр күні сағат 21:00-ден бастап 12 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.