Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Балқантау көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде М. Жұмабаев даңғылына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 9-19 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.