Елорданың Байқоңыр ауданында Отан қорғаушылар күнінде жаңа абаттандырылған аула кеңістігі ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Кеңістік Уәлиханов көшесі, 1 және Рахимов көшесі, 22 аулаларын жалғайды.
Мереке құрметіне ауланың тұрғындары аниматорлардың қатысуымен балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Сондай-ақ, мерекелік дастархан жайылды.
«Біз осындай сыйлыққа қуанып отырмыз және өте ризамыз. Ауламыздың күрделі жөндеуден өтуін көптен күттік. Енді ол түрленіп шыға келді. Бәрі жаңа, заманауи. Бұл халықтың бюджетке қатысу жобасы бойынша емес, жоспарлы жаңғырту арқылы жасалды. Мұнда ұзақ уақыттан бері тұрып келеміз, үш жыл бұрын МИБ аштық. Содан бері үйімізді тәртіппен ұстауға, тұрғындарға ыңғайлылық жасауға тырысамыз. Біздің үйде 136 пәтер бар, онда 600-ге жуық адам тұрады, 10 үй-жай бар. Сондықтан біз үшін ауланың барлығына ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы өте маңызды», – деп атап өтті «Данияр» ТК МИБ төрағасы Нұрсұлу Ақшымова.
Тұрғындарды жаңа аула қуантты, онда ересектердің демалуына және балалардың көңіл көтеруіне арналған орындар көптеп ашылды.
«Ауламыздың ашылғанымен көршілерімді құттықтаймын! Шынында енді ауламыз жанға жайлы, қолайлы, ал балалар үшін жаңа ойын алаңы мен футбол алаңы ашылды, онда олар жазғы демалыстарын көңілді өткізе алады. Бұл күн еліміздің маңызды күндерді - Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуімен маңызды. Мереке құтты болсын! Бәріңізге зор денсаулық, амандық және тыныштық тілеймін!» – деді үй тұрғыны, құрметті теміржолшы Болат Куликов.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 180-нен астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылады. Жұмыстар қаланың барлық ауданында жүргізіледі.