Елордадағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған шахматтан Астана қаласының ашық чемпионаты ұйымдастырылды. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Турнирге мүмкіндігі шектеулі 8 команда қатысты. Олардың қатарында тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті зақымдалған спортшылардан құралған командалар бақ сынады.
Әйелдер арасында жеңімпаздар:
1-орын – тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар: Айғаным Қамбарова, Әлия Жұбатқанова, Райгүл Шандаулетова.
2-орын – көру қабілеті төмен спортшылар: Майраш Тоқымбаева, Бәтес Амантаева, Әлия Мұратова.
3-орын – есту қабілеті төмен спортшылар: Раушания Жилина, Жанат Мұхамжанова, Анар Ержанова.
Ерлер арасында жеңімпаздар:
1-орын – тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар: Әділ Мұқанов, Ануар Манашев, Бақтияр Ахметов.
2-орын – «Шарапат» мекемесі: ұухтар Атжанов, Владимир Ким, Орынтай Мұхтаров.
3-орын – есту қабілеті төмен спортшылар: Алмас Шайымов, Амангелді Сергалиев, Сергей Ермишкин.