Афина қаласында (Грекия) өтіп жатқан Acropolis Swim Open 2025 халықаралық турнирінің екінші жарыс күнінде Астана қаласының спортшысы Әділбек Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айта кетейік, жарыстың бірінші күні Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдеге ие болған болатын.
Байрақты додаға 8 елден 680-ге жуық спортшы қатысуда. Турнир 5 мамыр күні өз мәресіне жетеді.