Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш. Құдайбердіұлы мен А. Пушкин көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 3 мамыр күні сағат 19:00-ден бастап 5 мамыр күні сағат 06:00 дейін көрсетілген қиылыста қозғалыс толығымен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.