Астанада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған үш аула салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аулаларды абаттандыру жұмысы аясында балаларға арналған ойын алаңдары жаңартылып, workout-құрылғылары орнатылды, сондай-ақ демалыс аймақтары жасақталып, жарықтандыру жүргізілді.
Жоба тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында тұрғындардың ортақ ұсынысы аясында жүзеге асырылды.
Ашылу салтанатында аула мерекесі өтіп, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Тұрғындар алғыс ретінде аулаға кең дастархан жайды.
Абаттандыру жұмысы ауданның басқа да аумақтарында белсенді жүріп жатыр. Биыл барлығы 88 аула аумағын абаттандыру жоспарланып отыр. Оның 18-і кешенді абаттандырылса, 70-інде жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі.