
Астанада ірі жол жобаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Мысалы, Бұқар Жырау көшесі Әл-Фараби даңғылынан Жошы хан көшесіне дейін, Қ.Қайсенов көшесі Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін және т.б. Осы ірі жобалар биыл аяқталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мысалы, осы жылдың 18 сәуірінен бастап қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «№37 көшеден (Жошы хан) Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде Бұқар жырау көшесінің құрылысы» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмысын қайта бастады.
Ауқымды жобада жол, тротуарлар салу, көшелерді жарықтандыру, іргелес аумақтарды абаттандыру, сондай-ақ бағдаршам нысандарын орнату қарастырылған. Жобаның аяқталуы осы жылдың соңына дейін жоспарланған. Инженерлік желілерді (нөсер кәрізі, шаруашылық-тұрмыс кәрізі, су құбыры, электрмен жабдықтау желілері, байланыс желілері) орнату бойынша, сондай-ақ ішінара абаттандыру бойынша жұмыс орындалды.
Сонымен қатар, Қ.Қайсенов көшесін Ұлы Дала даңғылынан Бұқар жырау көшесіне дейінгі аралығын салу жұмысы жүріп жатыр. 2025 жылы инженерлік желілер бойынша барлық жұмысты аяқтап, жол жүруді қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Биыл елордада 60-тан астам көше жөнделеді. Сонымен қатар, осы жылы ұзындығы 15 шақырымға жуық 43 нысанның құрылысы жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Тілендиев даңғылы мен Бейсеков көшесінің қиылысында екі деңгейде көлік айрығын салу жобасын іске асыру жүргізілуде. Бұл маңызды инфрақұрылымдық нысан қаланың негізгі магистральдарының бірінде көлік кептелісін азайтуға бағытталған. Жоба қиылыстағы көлік қозғалысын едәуір жылдамдатып, жол жүру уақытын қысқартады.
Биыл Бейсеков көшесі бойынша Тілендиев даңғылы арқылы толыққанды өтуді қамтамасыз ететін өтпе жолдар мен съездердің металл аралықтарының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, қалада Айтматов пен Қорғалжын тас жолының қиылысынан жыл соңына дейін жол қозғалысын қамтамасыз ете отырып, Қ.Мұхамедханов көшесін салу жобасы жүзеге асырылуда. Жол жұмысы жол төсемінің сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігі мен тұрғындар үшін жайлылықты арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, жоспарланған жұмыстардың қатарында жаңа тротуарлар, аялдамаға кірме жолдар, пандустар және т.б. салу қарастырылған.