LRT құрылысы: Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының учаскелерінде қозғалыс уақытша шектеледі

LRT құрылысы: Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының учаскелерінде қозғалыс уақытша шектеледі

Жолдардың кейбір учаскелерінде LRT құрылысына байланысты қозғалысты шектеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

LRT құрылысының жоспарына сәйкес:
- 20 сәуір сағат 21.00-ден 25 қыркүйекке дейін 113 станцияда Министрліктер үйінен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына байланысты, Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына (Достық көшесі бағытында) қарай, Арыс көпірінен қозғалатын көлік үшін оң жақты съездегі қозғалысты толық шектеу жоспарланып отыр.

- 22 сәуір сағат 22:00-ден бастап 20 қыркүйекке дейін Қабанбай батыр даңғылының «Астана Жұлдызы» стеласы жағынан Хусейн бен Талал көшесімен қиылысына жетпей 106-станция қасбетінің құрылысын орындау үшін, автожолды үш жолақтан бір жолаққа дейін тарылту жолымен шектеу енгізіледі.

Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.