Астанада ерекше қажеттіліктері бар баласы бар отбасыларды қолдау мәселесі талқыланды

Астанада ерекше қажеттіліктері бар баласы бар отбасыларды қолдау мәселесі талқыланды

Елорданың «Жанұя» орталығында «Өзгерістерге қарай: отбасын қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл» атты семинар-тренинг өтті. Талқылау тақырыбы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға қатысты заң жобасына енгізілген соңғы өзгерістер жайлы болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Семинарға азаматтық сектор өкілдері, елорда тұрғындарының бастамашыл топтары, ерекше балалардың ата-аналары, мүмкіндігі шектеулі ересектер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков қатысты.

Қоғам мен заң шығарушы билік өкілдері арасында сындарлы диалог орнату, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында кездесу ұйымдастырдық.

«Аутизм, ақыл-ой кемістігі, даун синдромы сияқты диагнозы бар адамдар өз бетінше жұмыс істей алмайды, мұндай балалардың ата-аналары өмір бойы олармен бірге жүруге мәжбүр, бұл мәселеде мемлекет тарапынан қолдау өте маңызды», - деп атап өтті Ботагөз Сұлтанова.

Сонымен қатар, іс-шара онлайн режимде көрсетіліп, оған Қазақстанның әр өңірінен белсенділер мен отбасылар қатысты.

Кездесу соңында ата-аналар депутатқа сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерге қатысты жауап алды.