Астанада 20 сәуірде жазғы жүгіру маусымның ашылуына орай бұқаралық іс-шара өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Бұқаралық жүгіру іс-шарасы 20 сәуірде елордадағы Ботаникалық бақта Орынбор көшесі жағынан өтеді.
Жарыстың жалпы қашықтығы 4 км құрайды. Қатысушыларды тіркеу іс-шара өтетін күні таңғы 07:30-дан 09:00-ге дейін өтеді. Басталуы: 9:00.
Қатысушылар саны 1000 адамға жеткен кезде тіркеу жабылады.
Барлық қатысушыға естелік медальдар табыс етіледі, сондай-ақ бағалы сыйлықтары бар ұтыс ойыны жоспарланады.