Астанада 19 және 20 сәуір күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. арзан бағада сатып ала алады.
Іс-шара 19 және 20 сәуірде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайында да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бар. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
Жұртшылыққа ыңғайлы болу үшін жәрмеңкеге мынандай автобус маршруттары қатынайды: № 2, 32, 49, 50, 73. Бұл іс-шара өтетін жерге жылдам жету үшін маңызды.