Астана VI қысқы спартакиаданың күміс жүлдегері атанды

Астана VI қысқы спартакиаданың күміс жүлдегері атанды

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының VI Қысқы спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыстар 8 ақпан мен 11 сәуір аралығында Астана, Өскемен, Алматы, Риддер, Щучинск қалаларында және Алматы облысында өтті.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша Астана құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орын иеленіп, 14 алтын, 15 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

Ақмола облысы 1-орынды иеленсе, Қостанай өңірі үздік үштікті түйіндеді.