Астанада Алматы көшесінің бір бөлігі ішінара жабылады

Астанада Алматы көшесінің бір бөлігі ішінара жабылады

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Алматы көшесін орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 13-25 сәуір аралығында аталмыш учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.