Астанада құтқарушылар ауа райына байланысты үндеу жасады

Астанада құтқарушылар ауа райына байланысты үндеу жасады

Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты құтқарушылар үндеу жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 8 сәуірде кей уақыттарда найзағай және түнде және таңертең тұман күтілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты, елордалық ТЖ департаменті азаматтардан ауа райы жағдайларын ескеруді және қала бойынша жүру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.