Астанада дауылды ескерту жарияланды

Астанада дауылды ескерту жарияланды

Елордада 5 сәуірде ауа райы нашарлайды. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 5 сәуірде түнде жаңбыр мен қар, көктайғақ, тұман, жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел кейде екпіні 15-18 м/с құрайды.

Елордалық ТЖ департаменті азаматтардан ауа райы жағдайларын ескеруді және қала бойынша жүру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.