Астанада 7 жаңа «Жайлы мектеп» алдағы оқу жылына құжаттар қабылдауды бастады

Астанада 7 жаңа «Жайлы мектеп» алдағы оқу жылына құжаттар қабылдауды бастады

Астанада жаңа 2025-2026 оқу жылында ашылатын «Жайлы мектептер» 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылдауды бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

7 жаңа «Жайлы мектеп» қыркүйек айынан бастап елорданың төрт ауданында жұмысын бастайды.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау қолданыстағы мектептер базасында жүргізіледі.

Нұра ауданы бойынша:
- №110 мектеп (Жағалау ауданы, Ж.Молдағалиев көшесінің жанында, 4 к2) - № 78 МГ базасында;
- №115 мектеп (SAT city ауданы) - № 71 мектеп-лицейінің базасында;
- №117 мектеп («Greenline» ТК, Хан Шатыр ауданы) - №79 мектеп-лицейінің және №101 орта мектебінің базасында;

Алматы ауданы бойынша:
- № 114 мектеп (Ш.Құдайбердіұлы көшесі мен І. Жансүгіров көшесінің қиылысы, «Astana Motors» ауданы) - №32 және № 37 мектептерінің базасында;

Сарайшық ауданы бойынша:
- №113 мектеп (Ш.Қалдаяқов көшесі, 38) – № 113 орта мектебінің базасында;
- № 116 мектеп (М.Төлебаев даңғылы және Бурабай көшесі) - №74 және № 51 мектептерінің базасында;

Байқоңыр ауданы бойынша:
- №119 мектеп (А.Иманов және Егемен Қазақстан көшелері) - №87 және №16 мектептерінің базасында.

1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 1 сәуірден бастап қағаз нұсқада аталған мектептердің қабылдау комиссияларында жүзеге асырылады.