
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау қызметі электрондық үкімет порталында 1 сәуірден бастап қолжетімді болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
1-сыныпқа арналған құжаттарды қабылдау қызметі 1 сәуірде сағат 15:00-ден бастап eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болатынын хабарлайды.