«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордалық бизнесмендерге тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша ұсыныстары бар чек-парақтар таратылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Өткен жылы Астана әкімдігі елордалық кәсіпкерлер үшін тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша ұсыныстары бар чек-парақтар әзірледі. Жыл мезгілдерінің ерекшелігін ескере отырып, олар төрт форматқа бөлінді – көктем, жаз, күз және қыс.
Өз аумақтарын тиісті күтіп-ұстау жөніндегі маусымдық жоспар Республика даңғылында орналасқан жеке ұйымдарға таратылды.
«Өткен жылы алғаш рет жасалған арнайы тексеру парағында маусымдық ерекшеліктерді ескеретін жылдың әр уақытына бейімделген ұсыныстар бар. Акция қалада тазалық пен тәртіпті сақтауға 250 мыңнан астам ШОБ субъектілерін тартуға бағытталған. Бизнестің бұл жұмысқа белсенді қатысуы елорданың өркендеуіне ықпал етеді», - деп атап өтті Астана Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Қадір.
Әзірленген ұсыныстарда шатырды қардан уақытылы тазалау, көктемде жасыл желектерді кесу және отырғызу сияқты қажетті жұмыстардың тізімі бар. Жазда бұл ағаштар мен жасыл алқаптарға күтім жасау, суару жүйесін күтіп ұстау және тұрақты сенбіліктер өткізу қамтылған.
Күзде кіре беріс аумақтарға тайғанаудың алдын алуға арналған жабындарды орнатып, жылыту маусымына дайындалу қажет. Қыста – кіреберіс аумақтарға көктайғаққа қарсы қоспа себу, тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ұсынымның міндеті – қала мен қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру және дамыту.