Наурызнама: Астананың елді мекендерінде мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр

Наурызнама: Астананың елді мекендерінде мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр

21 наурызда елорданың алты ауданындағы елді мекендерде ересектер мен қаланың жас тұрғындарына арналған интерактивті іс-шаралары бар концерттік бағдарламалар өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетерлігі, 14 наурызда Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлауға арналған Наурызнам онкүндігі өтіп жатыр. Осы 10 күн ішінде Астанада мерекеге орай 200-ден астам ауқымды іс-шаралар – концерттер, көрмелер, қойылымдар, шығармашылық кештер және т.б. өтеді.

21 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап Байқоңыр ауданында Досмұхамедұлы көшесі, 2, Қазқалашық тұрғын алабында ашық аспан астында концерттік бағдарламалар өтті.

Есіл ауданында мерекелік бағдарлама сағат 12:00-де Пригородный тұрғын алабында, Арнасай көшесі 127, №24 орта мектепте басталды.

Нұра ауданында 21 наурыз күні Үркер тұрғын алабында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Айғыржал көшесіндегі саябақта киіз үйлер тігіліп, спорт алаңдары мен ұлттық тағамдардан тұратын сауда орындары орнатылды.

Сарыарқа ауданындағы Көктал саябағында (С.Бейбарыс көшесі) спорттық ойындар сағат 11:00-де басталды, ал 12:00-ден бастап көрермендер концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Осы күні Қорғалжын алаңында (Қайнар көшесі) ұлттық спорт ойындары өтіп, ары қарай 12:00-де концерттік бағдарламаға ұласты.
Сағат 12:00-де Алматы ауданының Теміржолшылар тұрғын алабында концерттік бағдарлама өтеді.

Сарайшық ауданында сағат 12:00-ден бастап Интернациональный, Мичурино тұрғын алаптарында; Күйгенжар ​​ықшамауданында да концерттік бағдарламалар бар.

Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мерекесін тойлау елді мекендерде 22 наурыз күні де жалғасады.