Астанада кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күрес жұмысы талқыланды

Астанада кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күрес жұмысы талқыланды

Елорданың білім басқармасында Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасы, Есірткі қылмысына қарсы және киберқылмыспен күрес басқармасы, жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен мектеп директорларымен кеңес өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Қатысушылар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, оның алдын алу шаралары, сондай-ақ білім беру мекемелерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Оқушылардың мінез-құлқын бақылауды күшейту, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс істеу, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жедел бөлімше өкілдері мен учаскелік инспекторлар жастар арасындағы қылмыстар бойынша статистикалық мәліметтермен бөлісіп, олардың алдын алу әдістеріне тоқталып, осы бағыттағы мектептердің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар берді.

Кездесу қорытындысы бойынша мектеп пен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, қосымша профилактикалық іс-шараларды әзірлеу және мектеп оқушылары арасында заңсыз әрекеттердің құқықтық салдары туралы ақпараттандыруды арттыру бойынша алдағы қадамдар белгіленді.