Астанада ULTTYQ RUH республикалық инклюзивті сән байқауы өтеді

Астанада ULTTYQ RUH республикалық инклюзивті сән байқауы өтеді

Елордадағы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 18 наурыз күні ULTTYQ RUH инклюзивті сән байқауы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара ерекше балалардың ата-аналар қоғамымен бірлесіп ұйымдастырылды. Байқау мәдениетті, инклюзивтілікті және экологияны жалғай отырып, сұлулықтың қолжетімді екенін көрсетеді.

Бағдарламада қазақстандық дизайнерлердің ұлттық киімдерінің сән көрсетілімі өтіп, әртістер мен инклюзивті ансамбльдер өнер көрсетті. Келген қонақтар үшін театр фойесінде ұлттық бұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шара 18 наурыз күні сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін өтеді, кіру барлығына тегін.