«Астана Тазалық» кәсіпорнының қызметкері кикбоксингтен әлем кубогының қола жүлдегері атанды

«Астана Тазалық» кәсіпорнының қызметкері кикбоксингтен әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Италияда кикбоксингтен әлем кубогы аяқталып, онда астаналық Бейбарыс Сауханбек қола жүлдегер атанды. Спортшы «Астана Тазалық» коммуналдық кәсіпорнында жұмыс істейді және жұмысшы мамандықтың өкілі саналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Наурыз айының басында Италияның Лидо ди Езоло қаласында кикбоксингтен әлем кубогы өтті. Оған 46 елден 429 спортшы қатысты. Бейбарыс Сауханбек әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері елордалық спортшы «Астана Тазалық» кәсіпорнында жұмыс істейді. Ол өзінің 14 жылдық спорттық карьерасында төрт рет Қазақстан чемпионы атанған, сол сияқты Үндістанда өткен Анапа қаласында өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанса, әлем чемпионаттары мен әлем кубоктарында үш рет қола жүлдегер атанды. Ал былтыр Үндістан ашық чемпионатында топ жарды.

Бейбарыстың ағасы Жансерік те «Астана Тазалық» мекемесінде жұмыс істейді. Ол да жастайынан еркін күреспен айналысып, түрлі республикалық жарыстарда жүлдегер атанған.