Салт-дәстүрді насихаттау: елордадағы спорт мектебінде Наурыз мерекесі өтті

Салт-дәстүрді насихаттау: елордадағы спорт мектебінде Наурыз мерекесі өтті

Елордадағы №9 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Наурыз мейрамын тойлауға арналған мәдени-этнографиялық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара «Ата салтым – асыл қазынам» байқауы аясында өтті.

«Біздің міндетіміз – халқымыздың дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен насихаттау. Тұсаукесер сияқты көне салттың куәсі болдық. Тілек білдірушілер қазақтың ұлттық жарыстары – тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату ойындарында бақ сынады. Сондай-ақ, армрестлингтен сайысқа түсуге мүмкіндік туды. Сол сияқты нағыз тірі бүркітті де көруге болады», - дейді №9 жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі Азамат Ағзамов.