Астанада «Еңбек жолы» конкурсы бастау алды

Астанада «Еңбек жолы» конкурсы бастау алды

Астанада «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын дамыту мақсатында «Еңбек жолы» конкурсы бастау алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;
3) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі. Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-11, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы), телефондары арқылы алуға болады. Электронды пошта: b.kasymov@astana.kz.