Астанада «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Астанада «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Елордадағы Үркер тұрғын алабында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Оқу-жаттығулар еліміздің түкпір-түкпірінде азаматтық қорғаныс жүйесін су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында өткізіліп жатыр.

«Биыл 6-7 наурызда еліміздің барлық өңірінде азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесін алдағы су тасқыны кезеңіне дайындауға бағытталған «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары жоспарланған», - деді елордалық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бауыржан Ахметалин.

«Жаттығулар аясында біз астаналық гарнизонның күштері мен құралдарын, оның ішінде су айдау техникасын, мотопомпаларды, сорғыларды, рельфтік техникаларды, катерлерді және басқа да техникаларды жұмылдырдық», - деді ТЖД бастығы.

«Көктем-2025» оқу-жаттығулары аясында Астана Жастары, Qanat және Lider.kz еріктілерінің көмегімен жергілікті тұрғындарды эвакуациялау және «зардап шеккендерді» қабылдау пунктіне орналастыру сценарийі әзірленді.

«Жаттығулардың бірінші кезеңі тұрғындарды эвакуациялау және зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пунктіне орналастыру бойынша практикалық әрекеттерді орындауды қамтыды. Екінші кезеңде оқу-жаттығу сценарийі мұзға құлаған жергілікті тұрғындарды құтқару шараларын қамтиды. Үшінші кезең – инженерлік жұмыстар, қаптар төсеу және бөгетті нығайту», - деді Бауыржан Ахметалин.