Байқоңыр ауданында Алғыс айту күніне орай жұмысшы мамандар марапатталды

Байқоңыр ауданында Алғыс айту күніне орай жұмысшы мамандар марапатталды

Алғыс айту күніне орай Байқоңыр ауданында жұмысшы мамандарға1 құрмет көрсетілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік шара К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды студенттерінің қатысуымен өтті.

Іс-шара барысында түрлі сала өкілдері құрметті сыйлықтармен марапатталды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында көрермендерге мерекелік ерекше қойылымдар ұсынылды.

Сонымен қатар, шара қонақтарына заманауи әндер мен билер, сондай-ақ аспаптық ансамбльдің музыкалары ұсынылды.

Еске салайық, 1 наурыз – Қазақстанда Алғыс айту күні. Биыл Астанада Алғыс айту күнін мерекелеу тағы бір маңызды оқиға – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен ерекшеленді. Осы есте қаларлық датаға орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени-танымдық іс-шаралар өткізілді.