Астаналық спортшылар ерекше эстафеталық жарысты бастады

Астаналық спортшылар ерекше эстафеталық жарысты бастады

Елордалық спортшылар әлеуметтік желіде Алғыс айту күнімен құттықтап, ерекше челлендж бастады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Видеороликтерде спортшылар тәлімгерлерін, жаттықтырушыларын және туыстарын құттықтап, алғыстарын білдіреді.

«Барлық қазақстандықты Алғыс айту күнімен құттықтаймын!», - деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит, содан кейін атақты қазақстандық футболшы Давид Лорияға алғыс эстафетасын табыс етті.

Челленджге шорт-трекші Абзал Әжғалиев қосылды.

«Бұл күн маңызды! Кез келген адам мейірімге, көрсетілген көмегіне риза. Осы айтулы күні ата-анама, бауырларыма, достарыма, бапкерлеріме шын жүректен алғысымды білдіремін! Мен барлық жаттықтырушылар құрамына алғысымды жолдаймын. Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақыт тілеймін!», - деп құттықтады ол.

2024 жылғы Париж Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбек челленджге қатысып, эстафетаны пара-дзюдошы Ерғали Шәмейге жолдады.

«Қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Осы күні бапкерлеріме және отбасыма алғыс айтамын. Мен бұл челленджді Ерғали Шәмейге тапсырамын», - деді чемпион.

Челленджге астаналық жас спортшылар да қатысып, жаттықтырушылары мен командасын құттықтаған бейнеролик түсірді.

«Әр спортшының жетістіктері мен жеңістері – ұжымдық жұмыстың, тәлімгерлер мен әріптестерінің қолдауының нәтижесі. Жаттықтырушылар спорттық шеберлікті арттыруға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар спортшылардың ерік-жігерін, табандылығын және командалық рухын қалыптастырады. Алғыс айту күні – әр адамның өмірінде өзіндік орны бар жандарды бір-бірін сыйлап, қолдау көрсетіп, бағалаудың маңыздылығын еске салатын ерекше мереке», - дейді Астана қаласы әкімдігінің №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бағдарлау бөлімінің оқушылары.

Елорда әкімдігінің №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің мәнерлеп сырғанаушылары челленджді жалғастырып, Қазақстан халқына арнаған өлеңін оқыды.

Олар өздерінің жаттықтырушыларына, ата-аналарына және жетістікке жету жолында қолдау көрсеткендердің барлығына алғыстарын білдірді.

Астана қаласы әкімдігінің №1 олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің гимнастшылары да әр жарыста жанкүйер болып жүрген отбасылары мен жаттықтырушыларына алғыстарын білдірді.

«Мен отбасыма және бапкеріме қолдау көрсетіп, жеңісіме сенетіні үшін алғыс айтамын», - деді Азия чемпионатының жүлдегері, VIII Азия балалары ойындарының үш дүркін жеңімпазы Ақмарал Ерекешева.