Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада құрметті энергетиктер марапатталды

Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада құрметті энергетиктер марапатталды

Елордадағы Е.Рахмадиев атындағы филармонияда «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның 60 жылдығына арналған гала-концерт өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев пен елорда мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден қатысты.

Мереке сондай-ақ қала басшылығының өкілдері, қызметкерлер, кәсіпорын ардагерлері мен қонақтардың басын қосып, компанияның 60 жыл бойына қаланың дамуына және оны жылулықпен, жайлылықпен қамтамасыз етуге қосқан зор үлесін атап өтті.

Іс-шара барысында жүз мыңдаған елорда тұрғындары үшін жылу желілерінің тұрақты жұмысы мен үздіксіз жылуын қамтамасыз етуде бар ғұмырын энергетика саласына арнаған жандарға алғыс сөздер айтылып, құттықтаулар жеткізілді.

Жиынға қатысушыларды елордалық мәслихаттың төрағасы Табиғат Зейнұлқабден құттықтап, үздік қызметкерлерге марапаттар табыс етті.

«Құрметті әріптестер! Мен сіздердің жұмыстарыңызды жақсы білемін және сіздердің адалдықтарыңыз бен кәсібиліктеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Сіздердің арқаларыңызда біздің үйіміз кез келген қиындыққа қарамастан қашанда жылы әрі жайлы. Сіздер өз істеріңіздің нағыз кәсіби мамандарысыздар, ал «Астана-Теплотранзит» әрқашан қаланың коммуналдық қызметтерінің локомотиві болды және болып қала береді. Еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға бақыт пен береке тілеймін! Қиын, бірақ жауапты жұмыста атқарған еңбектеріңіз үшін ағлыс білдіремін!» - деді ол.

«Электр энергетикасына қосқан үлесі үшін» медалін кәсіпорынның жедел-диспетчерлік қызметінің диспетчері Елена Гусак алды.

«Мен энергетика саласында 1998 жылдан бері жұмыс істеймін, қазір 10 жылдан бері диспетчермін. Еңбек жолымды реттеу қызметінде бастадым, қазір жедел диспетчерлік қызметте жұмыс істеймін. Бүгін энергетикаға қосқан үлесім үшін медальмен марапатталдым, мен де энергетиканың ардагерімін. Сенімдеріңіз үшін көп-көп рахмет. Барша әріптестерімді мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, жұмыстарына сәттілік, табыс тілеймін!» - деді Елена Гусак.

«Еңбек сіңірген энергетик» атағы жетекші инженер Наталья Алифанова мен екінші ауданның реттеу қызметінің технигі Алмагүл Шахановаға берілді.
Сондай-ақ, Астана қаласы мәслихатының Алғыс хаттары жүк тиеуші Ғалымжан Беспаевқа, көлік қызметінің жүргізушісі Абай Жұмабаевқа, жылу желілерінің монтеры Еркін Соспаковқа, жылу желілеріне қызмет көрсететін слесарь Игорь Артемьевке, құрылыс-жөндеу учаскесінің ағаш ұстасы Александр Черныхқа табыс етілді.
Жиналғандарға елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев жылы лебізін білдірді.

«Мерейтойларыңызбен! Ұйымыңыздың құрылғанына 60 жыл толуымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз! Қала әкімі Сіздерді атаулы датамен шын жүректен құттықтап, елорданың инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін зор алғысын білдіреді. Сіздердің жұмыстарыңыз, кәсібиліктеріңіз және адалдықтарыңыз жоғары құрметке лайық. Сіздерге табыс, тұрақты даму, жаңа жетістіктер мен өркендеу тілейміз. Отбасыларыңыз бақытқа, денсаулық пен берекеге толы болсын! «Мерейтойыңыз құтты болсын!» – деп құттықтады Ерсін Өтебаев.

Сондай-ақ өндірістің шоқтығы биік қызметкерлеріне марапаттар табыс етті.

«Құрметті энергетик» атағын жылу желілеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі слесарь Қанат Ізембаев пен Айдос Мұхтаров, ал Астана қаласы әкімінің атынан Алғыс хатпен жүк тиеуші Олег Зонов, күрделі құрылыс қызметінің жетекші инженері Айнұр Әбішева, жылу желілеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі слесарь Айдос Жәкенов, жылу желілеріне қызмет көрсету жөніндегі слесарь А. Жәкенов, жылу желісін жөндеу жөніндегі слесарь А және жөндеу жұмыстары учаскесінің ағаш ұстасы Федор Стрельников.
Сондай-ақ Нұрлыбек Рахметов, Александр Седунов, Алмас Мырзағалиев және Аманбол Қабылдинге Астана қаласы әкімінің орынбасарының Алғыс хаттары табыс етілді.

Іс-шараның құрметті қонақтары «Астана-Теплотранзит» АҚ ардагерлері – компания мен қаланың дамуына зор үлес қосқан көпжылдық тәжірибесі бар еңбек сіңірген қызметкерлері болды.
Шара халықаралық байқау жеңімпаздары мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты.