«Таза Қазақстан»: Астанада діни бірлестіктер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен тәтті-дәмділер үлестірді

«Таза Қазақстан»: Астанада діни бірлестіктер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен тәтті-дәмділер үлестірді

Астаналық діни бірлестіктер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен өтті. Бұл Жұмысшы мамандықтар жылы мен Алғыс айту күніне орай орайластырылған.

Мұнда діни бірлестіктер өкілдері коммуналдық қызмет өкілдеріне ыстық шай мен бауырсақтар таратты.

«Елорданың коммуналдық қызметкерлеріне «Астана Қамқор» қоғамдық қоры, «ДЗО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі діни бірлестіктермен бірлесіп, ыстық шай, бауырсақ, тәтті тағамдар таратып, алғыс білдірді. Акция барысында коммуналдық қызмет өкілдерінің елорданың тазалығы мен қажымас еңбектеріне алғыс білдірді», - деді «Астана Қамқор» қоғамдық қорының теологы, лектор Арман Нұрахметұлы.

Іс-шараның мақсаты – ұжым тарапынан қыстың қақаған күндерінде ауызбіршілікті нығайту, достықты сақтау және өзара мейірімділіктің маңыздылығын арттыру.