Астанада мектеп оқушылары арасында экологиялық бағытта ерекше квест өтті

Астанада мектеп оқушылары арасында экологиялық бағытта ерекше квест өтті

Астананың Сарайшық ауданында мектеп оқушыларына арналған «Таза қозғалыс» квесті өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы іс-шара балаларды интерактивті тапсырмалар арқылы табиғатты қорғауға үйрету мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға зияткерлік сұрақтар қойылды.

«Квест төрт турдан тұрады. Әр команда қатысушыларына сұрақтар қойылады. Олар жан-жануарлардың ізі бойынша қандай екенін табуы керек. Ал үшінші тур қоқыстарды сұрыптау, шыны, пластик, қағаздарды әр қоқыс жәшігіне бөліп салады. Соңында флешмоб ұйымдастырылды», - деді Сарайшық ауданы әкімдігі Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Динара Закир.

Іс-шара соңында қатысушылар алғысхаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.